Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайлар басқармасымен шалғай қарасу Туран және Талдықорған көшелерінде рейдтік іс - шаралар өткізілді. Айта кетерлік жай, өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алуда. Өрттің туындауының негізгі себебі тұрғындардың немқұрайлығының салдарынан орын алады. Қазіргі уақытта, дайындалатын тамақты қараусыз немесе бақылаусыз қалдыру, төсекте темекі шегу, қоқыс жинағышта қоқыстың жануы, тұрғын үйлердің аумағында күл – қоқыстың жануы.

Бұл рейдтің мақсаты-тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға аудару.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жақын адамдардың өмірін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау қажет, атап айтқанда:

- Электр сымдарының жарамдылығын қадағалау және жарамсыз болған электр сымдарының учаскелерін уақытында ауыстыру.

- Тек зауытта дайындалған, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

- Дайындалған асты пеш үстінде бақылаусыз қалдырмау.

- Балаларды қараусыз қалдырмау.

- Сөндірілмеген темекіні қоқыс жинағыш контейнерлеріне тастамау!

- Белгіленбеген жерлерде от жағуға болмайды.

Құрметті тұрғындар, тұратын аумақты және жақын маңдағы аумақты қоқыстан, құрғақ шөптен тазарту.

Өрт шыққан жағдайда «101», «112» шұғыл қызметтердің телефондарына дереу хабарлаңыз.

 

Тараз қ. ТЖБ