
Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары 2024 жылдың 3-7 қаңтар аралығында төмендегідей шақыртуларға шықты:
Атап айтқанда, облыстың от жауынгерлері шөпхана мен моншалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің шатыры және автокөліктердегі өрт оқиғаларына жедел шықты.
Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан зардап шеккендер мен қаза болған адамдар тіркелмеген. Қазіргі уақытта мамандармен өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда.
Мұнан басқа қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғаларына - 8 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 рет, электр сымдарының қысқа тұйықталуы бойынша – 1 рет, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 2 рет, тұрғындарға құлыптанып қалған үйлерінің есіктерін ашу жұмыстарына – 8 рет шыққан.
Қазіргі уақытта өрт сөндіруші-құтқарушылар облыстағы тұрғынүйлерді аралап, жылыту маусымында тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыруда.
Құрметті облыс және қала тұрғындары мен қонақтары! Жамбыл облысы ТЖ департаменті жылыту маусымында газ және пеш құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екендігін естен шығармауды сұрайды.