Тұрғынүй ұйымдарының басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді
Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында қалалық ПИК және кондоминиум өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Кеңес көпқабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлауы бойынша мәселелеріне арналды. Басқарма мамандарының айтуынша, жыл басынан бері қала аумағында 51 өрт тіркелген (2020 жылы - 41), оның 34 оқиғасы тұрғын үйлер мен пәтерлерде орын алған. Тараз қаласы ТЖ басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Бахытжан Утешов, қатысушыларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен және тұрғынүй пәтерлеріндегі өрттердің жиі кездесетін себептерімен таныстырды. 2020-2021 жылдардың жылыту маусымында бірлесе өткізілген іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ ТЖ алдын алу және жою бойынша заманауи жобаларды енгізуге, халықты ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға одан әрі үйретуге бағытталған ынтымақтастық үшін нұсқалар мен тақырыптар ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында Тараз қаласы ТЖ басқармасының аға инженері азаматтық қорғау подполковнигі Б. Т. Казимбетов балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін еске салды. Кездесу соңында инспекторлар қатысушыларға өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлауына жол бермеу тақырыбындағы жаднамалар таратты.
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі Кайрат Бақтыбайұлы Оразбаев