«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертен 26-27 қазанда таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 26-27 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: түнде және таңертен 26-27 қазанда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.