«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады 22-23 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.