«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04-06 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 04-06 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 06 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде 04-06 қазанда таулы аудандарында -2 градус үсік күтіледі.
Тараз қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 05 қазанда екпіні 15-20 м/с күтіледі.