«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қыркүйекте Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 02-04 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 02-04 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 02-04 қыркүйекте екпіні 15-20 м/с күтіледі. 02-04 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.