«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, тәулік бойы 09-10, күндіз 11 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 09 тамызда таулы аудандарда, 10-11 тамызда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09-11 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз 10-11 тамызда таулы аудандарда екпіні 25 м/с күтіледі.