Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 31 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. 31 шілде-02 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 31 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.