Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28-29 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында, 30 шілдеде оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 28-30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 28 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 28-30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: күндіз 28-29 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.