Меню

Страницы

Статья

Тараз қаласында құтқарушылармен жолда жүру ережелерін түсіндіру бойынша шара өтті

Жол-көлік оқиғаларының ұлғаюына байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депаратаментінің басшылығының тапсырмасына сәйкес Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін шақырта отырып, жиналыс өткізілді. 

Яғни, ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында жолда жүру ережелерінің бойынша Өрт сөндіру мекемесінің және қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің, сондай-ақ шұғыл-құтқару жасағы, сонымен қатар Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен жиналыс өтті.

Аталған шараға Тараз қалалық №1 және №2 Ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, полиция лейтенанттары Руслан Рахымбайұлы  Мадыкулов пен

Арман Нұрханұлы Қырғызбай арнайы қонақ ретінде шақырылды. 

Ішкі істер қызметкерлері өз  кезегінде қала ішінде «Сергек» камералары ақырындап орнатыла бастағандығын тілге тиек етті. Одан әрі облыс бойынша орын алған жол-көлік оқиғалары бойынша мәліметтерді мысал ретінде келтірді. Жиналысқа қатысушылар инспекторларға көкейде жүрген сауалдарын қойып, өз кезегінде тиісінше тұщымды жауаптар алды.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
22 июля 2022
Дата обновления
22 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
22 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
20 октября 2026
Дауылдық ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы