Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түзеу мекемесінде болды

Ағымдағы жылдың 21 шілде күні Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері 2022 жылғы идеологиялық жоспарға сәйкес, жемқорлықтың алдын алу және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеушілердің күн тәртібімен, оларға тиісті жазаларына орай шығарылған үкімдермен танысты.

Аталған түзету мекемесінде екі жүзден астам адам жазаларын өтейді екен. Олар сыбайлас жемқорлық фактілері мен алаяқтық, ұрлық, мас күйде көлік жүргізу салдарынан адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғалары және т.б. қылмыстық істер бойынша жазаларын өтеуде.

Жеке құрам аталған қоныс-колониясында пара алу үстінде ұсталған азаматтық қорғау органдарының да қызметкерлерінің бар екендігіне көз жеткізді. Ал өз кезегінде колонияда қызмет атқаратын Ішкі істер органының қызметкерлері мамандарға жұмыстарына сәттілік тілеп, күрделі өмір жолында аяқтарын шалыс баспауға шақырды

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Дата публикации
22 июля 2022
Дата обновления
22 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
22 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
20 октября 2026
Дауылдық ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы