Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 27 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 25-27 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 42 градус қатты ыстық сақталады. 25-27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: күндіз 27 шілдеде 40 градус қатты ыстық сақталады. 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.