Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында автокөліктегі өрт пен қураған шөптің жану оқиғалары азаяр емес.

Ағымдағы жылдың 16 шілденің 8.00-ден бастап 18 шілденің 8.00-ге дейін, Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бөлімшелерімен облыс аумағында келесі жұмыстар атқарылды:

Жамбыл уданы, Аса ауылы, Төле би көшесіндегі тұрғын үйдің шарбағында қураған шөптің жануы салдарынан Әуезов көшесіндегітұрғын үйдің қорасының шатыры өртке оранған.

 Байзақ ауданы, Бурыла уылы, Құмжота көшесіндегі тұрғын үйдің өртенуі болды.

Алматы-Ташкент тас жолының  392 шақырымында 2000 жылы шыққан жеңіл автокөліктің өртенуі болды. Ал жексенбі күні Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылының маңында 1994 ж.ш. жеңіл автокөлік өртке оранған. Өрттер аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің күштерімен жойылды.

Жалпы демалыс күндері Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары өрт оқиғасына – 6 рет, қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына 20 рет, электрсымдарының қысқа тұйықталуына – 2 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашу жұмыстарына – 3 рет, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1 рет, судан іздестіру жұмыстарына – 1 рет және расталмаған жану факторларына – 2 ретшыққан.

Осыған байланысты Жамбыл облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Үйден шыққан кезде қоректендіру көздерінен газ және электр аспаптарын ажыратуға, балаларға отпен ойнауға, автокөліктердің техникалық жай-күйін бақылауға, көліктердің терезелерінен темекі тұқылдары мен бөтелкелерді тастауға жол бермеуді ескертеді. Сондай-ақ, арнайы бөлінген жерлерде шомылу қажет екенін еске саламыз. Ал өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде дереу "101" және "112" тегін нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
23 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
22 октября 2026
Дауылдық ескерту
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылдық ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы