«Жамбыл - адалдық алаңы» кезекті онлайн сұхбатты оңтайландыруды қолға алды. Бұл жолы тікелей эфир қонағы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жанболат Нұрмаханұлы бөлімнің жеке жұмыс жоспары негізінде аудан аумағындағы өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды болдырмау, материалдық зиянды азайту сияқты халықты әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғауға қарсы бағытталған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Эфир барысында аудан аумағындағы егістік алқаптарында орын алған өрттердің алдын алу, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері, улы газбен улану салдары, ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру туралы тақырыптар кеңінен қозғалып, 6 ай ішінде бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарыдың есебі берілді.
Аудан тұрғындарымен кері байланыс орнату аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басты міндеттерінің біріне айналған. Бөлім қызметкерлері ақпараттық парақшалар таратумен ғана шектелмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті баспасөзде - 22 мақала, инстаграм әлеуметтік желісіне - 115 материал жариялаған.
Жанболат Нұрмаханұлы тікелей эфир соңында бірнеше кеңес бере отырып, аудан тұрғындарын қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырды.
Сарысу ауданы ТЖ бөлімі