Дала өрті - жоспарланбаған, бақыланбайтын өрт болып табылады. Кез келген сөндірілмеген темекі немесе жағылған от, желә серінен тез таралып үлкен шығындарға әкелуіму мкін. Дала өрті үлкен жылдымдықпен тарап, оның салдары жердің үлкен аумағын жойып жібереді. Дала өрттерінің пайда болу себептері:
-өртеу;
-сөндірілмеген темекі қалдығы немесе сіріңке;
-жағылған от;
-автокөлік жабдығынан шыққан ұшқын;
-күн сәулесі түсетін жерге тасталған әйнектің сынығы.
Дала өрттерін алдын алу және жою мақсатында, Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және Орман шаруашылығының Орман өрт сөндіру басшысы Оразбаев Жанболат, орманды пайдалану инженері Нұржан Оңалбековпен бірлесіп өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.
Аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтары араланып пайдаланып отырған тұлғаларға жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылуда.
Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары, «тілсіз жауға» жол бермес үшін сақтық шараларын қолға алып, өрт қауіпін азайтуға үлес қосайық.
Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі