Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 16 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. 16-18 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, тәулік бойы 16, күндіз 17-18 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, 16 шілдеде 39 градусқа, 17-18 шілдеде 41 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 16-18 шілдеде 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 16-18 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.