«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 20, түнде 21 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 20, 21 маусымда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 20 маусымда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 20, түнде 21 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 20 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.