Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 16 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 16 маусымда облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда, күндіз 17 маусымда таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 16 маусымда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда, 17 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.