«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 12 маусымда, тәулік бойы 13 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда
қатты жаңбыр күтіледі. 12 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда, 13 маусымда облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандардар найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 13 маусымда екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 13 маусымда найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.