Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29-30 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 29,30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.