«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 10 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда, түнде 11 мамырда оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 10-12 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10-12 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 мамырда екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 10 мамырда қатты жаңбыр күтіледі. 10-11 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз 10, 11 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.