«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07, күндіз 08, 09 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 07 мамырда таулы аудандарында, 08, 09 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 09 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 08 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.