«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 03 мамырда Жамбыл облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз 02, тәулік бойы 03 мамырда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 01, тәулік бойы 02-03 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 03 мамырда найзағай күтіледі.