«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 12, түнде 13, 14 сәуірде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 12 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 12, 13 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 12 сәуірде екпіні 15-20 м/с күтіледі.