Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, тәулік бойы 22, түнде және таңертең 23 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 наурызда облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 22, 23 наурызда кей уақытта 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: түнде және таңертең 23 наурызда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 22-24 наурызда тұман күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 22 наурызда екпіні 15-20 м/с.