«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16-18 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 16-17 наурызда кей уақытта 23 м/с, 18 наурызда кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 17, түнде 18 наурызда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең 16-18 наурызда тұман күтіледі. Күндіз 18 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.