«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13-15 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 13 наурызда оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 наурызда кей уақытта найзағай күтіледі. Түнде және күндіз 15 наурызда тұман күтіледі. 13-15 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады екпіні 15-20 м/с.