Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21-23 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 22 қаңтарда екпіні 25 м/с күтіледі. 23 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.
Тараз қ: 21-23 қаңтарда тұман, 23 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Күндіз 22 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.