«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
15-17 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 15-17 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 15-16 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 15-17 қаңтарда тұман күтіледі. 15-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.