«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12-14 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 13-14 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Күндіз 12, тәулік бойы 13-14 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 12-14 қаңтарда тұман күтіледі. 13 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.