«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 06-08 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. 06-07 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: 06-08 қаңтарда тұман, 07 қаңтарда көктайғақ күтіледі.