«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 22 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 24 желтоқсанда тұман күтіледі. 22-23 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.