«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 19-21 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын жел шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20, күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 19-21 желтоқсанда тұман күтіледі. Күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.