Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10-12 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, 12 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, 10-11 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 10-12 желтоқсанда тұман күтіледі. Түнде және таңертең 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.