Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07-09 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, 08 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 07, тәулік бойы 08-09 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, күндіз 09 желтоқсанда екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ: 07-09 желтоқсанда тұман күтіледі.