«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22-24 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 22 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: таңертең және күндіз 22 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.