«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12-14 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аудандарында тұман, 14 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 14 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.