Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында қар, таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 04 қарашада, түнде 05 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 04 қарашада ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 13 градус аязға дейін, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 10 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Тараз қ: 04 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 4-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.