«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 21, түнде 22 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 20-22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.