Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20, күндіз 21 қыркүйекте Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.