Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29-31 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, облыстың солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 29-31 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20, күндіз 31 тамызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ: күндіз 30 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 29-31 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.