Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 23-25 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ: күндіз 24 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі.