Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 20-22 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 20-22 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, 21 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ: күндіз 20-21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.