Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 11-13 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. 11-13 тамызда солтүстік- шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ: күндіз 12-13 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.