Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. 21-23 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ: 21 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. 21 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22-23 шілдеде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.