«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04-08 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 04-08 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қаласы: күндіз 04-06, 08 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз 04-06, 08 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 04-06 шілдеде 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.