«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 22 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда, таңертең және күндіз 24 маусымда облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 22-24 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 22-24 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ: күндіз 24 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 22-24 маусымда солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.