«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, тәулік бойы 20 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жауады. 19-21 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 19-21 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: күндіз 19, түнде 20 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз 19-20 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.