«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 10-11 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы күтіледі. 10-12 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды боран, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: күндіз 10-12 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.